Абай облысыТОП

28 әскери қызметшісі Абай облысы Бесқарағай ауданы Бозтал елді-мекенінің су басу аумағында авариялық-құтқару және алдын алу іс-шараларына кірісіп кетті

28237 әскери бөлімі 2 жиынтық құтқару отрядының 28 әскери қызметшісі Абай облысы Бесқарағай ауданы Бозтал елді-мекенінің су басу аумағында авариялық-құтқару және алдын алу іс-шараларына кірісіп кетті.
Әскери бөлімнің күшімен су басқан тұрғын үйлердегі адамдарды эвакуациялау жүргізілді.
Қазіргі уақытта әскери бөлімнің жеке құрамы қар суын сору және жағаларды нығайту, сонымен қатар қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізуде.

t.me/qr_tjm

Осы айдарда

Back to top button