ҚазақстанҚоғамТОП

Шетелде жүрген қазақстандықтар енді бірқатар анықтамаларды онлайн ала алады

Шетелде жүрген қазақстандықтар енді бірқатар анықтамаларды eGov.kz арқылы ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

– Шетелде жүрген отандастарымыз маған үнемі мемлекеттік қызмет алу барысындағы түйткілдерді айтып, мәселені шешу жөнінде өтініш-хабарламалар жолдайды. Бір парақ анықтама алу үшін мыңдаған шақырымнан елге оралуға мәжбүр болатын. Сондықтан осындай қызметтерді egov порталына енгізуге шешім қабылдадық, – дейді министр.

Енді некені қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, аты-жөнін өзгерту бойынша қызметтер мен қайтыс болуы туралы анықтаманы шетелде жүріп-ақ, eGov.kz арқылы онлайн алады. Бүгінгі таңда бұл сервисті 23 елдегі отандастарымызға қолдануға болады.

– Біз біртіндеп енгізілу аясын кеңейтеміз. Қазір төлқұжатты беру қызметіне қатысты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ақпараттық жүйелер мен дип. поштаға байланысты күрмеулер болғандықтан, дайындалу мерзімі 80 күн боп тұр. Бұл мерзімді 30 күнге дейін шегеру бойынша пилоттық жобаны Мәскеуде іске қостық. Шетелдік мекемелерде арнайы база орнатып, мерзімді 18 күнге дейін қысқартуды көздеп отырмыз, – деді Бағдат Мусин.

Кейін пилоттық жобаның ауқымы кеңейетін болса, Франкфурт, Мюнхен, Берлин, Вашингтон, Нью-Йорк, Дубай және Сеул сияқты қалалар қамтылады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button