Ұланат Шаянбаев: “Біз дәл қазір сіздің өміріңіз үшін алаңдауымыз керек”
Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Ұланат Шаянбаев алғашқылардың бірі болып Бозтал ауылы тұрғындарын эвакуациялады.
Құтқарушылардың келуін күтпестен полиция қызметкері жол қызметінің тиегішін пайдаланып, азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастырған. Жүк тиегішке кішкентай балалары бар отбасылар мен жалғызбасты қарт адамдар тұратын үйлерге барып, су басқан жерлерден адамдарды шығарады.
Ауылдық учаскелік инспектор өз бетінше жүре алмағандарды арқасына отырғызып, арнайы техникаға ауыстырды.
“Ұланат, маған ыңғайсыз”, – деп зейнеткер полиция қызметкерінің арқасы ауырып қалмасын деп қысылды.
Оны жоғары техникаға отырғызып, учаскелік қызметкер күліп: “Біз дәл қазір сіздің өміріңіз үшін алаңдауымыз керек” деп жауап береді.
Ұланат осы округте 6 жылдан астам уақыт учаскелік инспектор болып жұмыс істейді, әрқашан өз азаматтарына көмекке келуге тырысады.
Semeynews.kz