Абай облысыТОП
Абай ауданының полициясы күшейтілген режимде қызмет етуде
Абай ауданында температураның күрт көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты жергілікті маңызы бар жолдардың әртүрлі учаскелерінде еріген су арнасынан асып кетеді.
Наурыздың 29-ы күні Абай облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Ернар Базаров Ақсуат өңіріне келіп, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді аралады.
Полиция полковнигі ең алдымен полицейлердің қызметін қалай атқарып жатқанын тексерді. Бұл күндері полиция қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режиміне көшірілді.
Полицейлер тәулік бойы тас жолдарда кезекшілік атқарып, азаматтарды еріген сулардың тасуы мен қауіпсіз өтуге қауіп төндіретінін ескертіп, тексерілген маршруттар бойынша жүруді ұсынады.
Semeynews.kz