Абай облысыТОП

Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өттi. Кеңес барысында басқарма мен полиция департаментінің басшылары баяндама жасады. Қатысушылар өз кезегінде жастар арасында жұмысқа орналасу мәселесі мен нашақорлыққа қарсы күреске қатысты сұрақтар қойды.

Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап жастарды жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралар қабылданып, 1 391 адамды қамтыды және 1 184 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған “Бастау Бизнес” жобасы бастау алып, 133 жас оқудан өтіп, 76 жас оқуды сәтті аяқтады.

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында оқу орындары мен кәсіпорындарда 1564 дәріс оқылды. Ал 2023 жылы «Qamqor» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 15 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, басқарма тарапынан шалғай ауылдарды қамтитын онлайн-түсіндіру жұмыстары, аудан орталықтарында өткізілетін семинарлар жүйелі түрде жүргізілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, білім басқармаларының басшыларына, сондай-ақ университет ректорлары мен колледж директорларына тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ресми аккаунттарында апта сайын әкімдік басқармаларында бос жұмыс орындарының тізімі жарияланатынын атап өткен жөн.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button