Абай облысыТОП
Аягөз ауданы Баршатас ауылындағы жағдай туралы ақпарат
Балға өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты еріген су жол төсемі арқылы өтті. ЖАО күштерімен жол төсемін нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді. Еріген су су өтетін құрылғылар арқылы штаттық режимде өтуде. Қазіргі сәтте жүргізілген жұмыстардың арқасында өзендегі су деңгейі төмендеді. Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.