Абай облысы
Абай облысының Бородулиха ауданындағы жағдай туралы ақпарат
Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріген су келген.
Осыған байланысты, Мир көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің 2 аула учаскесі су астында қалды.
Қазіргі уақытта ЖАО күштері мен құралдарынан 4 адам және 2 бірлік техникасы, “Гордорстрой” ЖШС 6 адам және 3 бірлік техникасы еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстарын жүргізуде.
Осымен бірге еріген су Семей-Петропавловка – РФ шекарасы автожолы төсеніші арқылы құйылды, аталған жолда көлік құралдары үшін қозғалыс жабық.
Автокөлік жолы мен топырақ бетіне қауіп жоқ.