Абай облысы Ақсуат ауданындағы жағдай туралы ақпарат
Боғас өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Кіндікті ауылына апаратын көпірдің жол төсемін қызылсу шайып кетті. Көпірдің құрылымы бұзылмаған. Алайда, айналма жолдар жоқ.
Шектеу белгілері орнатылып, Ақсуат ауданы полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік қызметін атқарады.
Кіндікті ауылында 662 тұрғын, 147 үй бар. Ауыл тұрғындарына қажетті тұрмыстық заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізілді.
Жергілікті атқарушы органдар су қайтқаннан кейін автожол төсемін инертті материалмен толтыру жұмыстарын жүргізетін болады.
Су тасқыны жағдайын бақылап, жедел ден қою мақсатында Ақсуат ауданына ТЖД-ні жеке құрамының 21 адамы, 3 бірлік техника, 2 қайық және 4 мотор сорғысы жұмылдырылды.
Анықтама үшін: Кіндікті ауылы Ақсуат аудан орталығынан 120 км қашықтықта орналасқан. Ақсуат-Кіндікті тас жолындағы 4 метрлік көпір облыс орталығынан 60 шақырым жерде