Абай облысында өткен жылы инвестиция көлемі артқан
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшының орынбасары Данияр Бейсембаев облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 352,6 млрд. тенге болған. 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 568,9 млрд. теңгеге жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 32,7%-ға көп.
- 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ақпарат бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 571,3 млрд. теңге болды. Өткен жылы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 535,7 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 534,5 млрд. теңге көрсетті,-деді спикер.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 228,1 млрд. теңгені құрады, 2022 жылға қарағанда 19,1%-ға артық. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 6,8% көбейіп, 363575 шаршы метрді құрады.
- Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 228,1 млрд. теңгеге шықты. Мердігерлік жұмыстардың облыстық көлеміндегі үлесінің 98% жеке меншік нысандағы кәсіпорындарға, 0,8% мемлекеттік кәсіпорындарға және 1,2% шетелдік кәсіпорындарға тиесілі. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 64%,құраса, республикалық бюджет қаражаты – 9,2%, жергілікті бюджет қаражаты – 12,2%, банк несиелері – 3,1%, және өзге де қарыз қаражаттары – 11,5%-ды құрады, – деп қорытындылады Данияр Бейсембаев.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 607 556 адамды құрады. Оның ішінде 372 537 қала тұрғындары (61,3%) және 235 019 ауыл тұрғындары (38,7%).
Semeynews.kz