Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қымбатты жерлестер!

Ізгілік пен мейірімге, жасампаздық пен жаңаруға бастайтын – Ұлыстың Ұлы күні баршамызға құтты болсын!
Наурыз – Отанымызды мекендейтін ұлт пен ұлысқа ортақ. Бұл біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, ең құнды дәстүрлерімізді, тілек пен үміттерімізді жаңғыртатын мереке.

Халқымызда «Береке бастауы – бірлік» деген ұлағатты сөз бар. Кең пейілімен, кіршіксіз таза ниетімен достық құшағын жая білген Қазақстан – таулық пен бейбітшіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Біздің мақсат – барды бағалап, ауызбіршілігімізді сақтап, елімізді өркендеуіне үлес қосу.
Елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі құтты болсын!

Халқымыздың береке-бірлігі артып, мерейіміз үстем болсын. Әз-Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен құт әкелсін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button