
Әрбір ыңғайлы жағдайды пайдаланып адвокаттың жеке басына қатысты қорлық сөздер айтып қорлаған. Ол оның жұмысына келіп, куәгерлердің көзінше әдепсіз сөздер айтқан.
Адвокат полицияға хабарласып, ер адамның әдепсіз әрекеттері үшін жазалауды шешкен.
Қылмыстық теріс қылығы үшін сот азаматты 100 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындаған. Сотталған 100 сағаттық қоғамдық жұмысын толығымен орындады. Енді пробация қызметінің есебінен шығарылады.
“Сотталған сот үкімі күшіне енгеннен кейін пробация қызметіне есебіне қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Сонымен қатар тәрбие және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ол өз кінәсін түсініп, қоғамдық жұмысты атқарды. Енді сотталған еркін түрде пробация қызметінің бақылауынсыз өмірін жалғастыра алады”, – деді Риддер қаласының пробация қызметінің бастығы Альмира Маилханова.
Semey News