
ШҚО ҚАЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ШҚО әйелдер колониясында жазаларын өтеп жүрген әйелдер жыл сайын Халықаралық балалар күні мерекесін атап өтуде. Бұл күні олар көздеріне жас алып, өз балаларымен кездесулерін елестеді.

«Сотталған әйелдер, тағдырдың қалауымен балаларынан алыста болса да балаларға арналған мереке ұйымдастырды. Релаксация бөлмесінде псиохологтың және мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен өздерінің балаларының фотосуреттерінен фотостудия жасады және балаларға арналған тақпақтар оқып, өлең айтып концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Осы шарамен сотталған әйелдер балаларына деген сағыныш сезімдерін, махаббаттарын көрсетті», – деді мекеме басшысының орынбасары Анара Сәбитова.
«Мен балаларымды қатты сағындым. Бүгін тақпақ оқи тұра, ойша балаларымды көз алдыма елестеттім, тек соларды ғана ойладым, оларға зор денсаулық және тезірек кездесуімізді тілеймін», – деді сотталған Ира.
«Мен өз балаларымды көрмегенімен 12 жыл болды. Осы мерекені бірге атап өтпегелі міне 12 жыл. Темір тордың ішінде жүрсемде, мен оларды жыл сайын әртүрлі жолдармен құттықтаймын. Мен бостандыққа шыққанда, менде балаларымды ерекше түрде құттықтауға мүмкіндік болады деп үміттенемін. Бұл күн «балаларды қорғау күні» деп аталады, ал мен 12 жыл бұрын балаларымды нашақор күйеуімнен қорғап, 20 жыл колония алдым. Мен қай жерде болсам да, мен әрқашан олармен біргемін және оларды әрдайым барлық қиындықтардан қорғаймын», – деді сотталған Лариса Антонюк.
Semey News