Жарма ауданы Шар қаласындағы спорт мектебіне жаңа автокөліктің кілті табысталды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен Жарма ауданының Шар қаласындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалына жаңа автокөліктің кілті табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов жаңа автомобиль спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін дамытуға тікелей ықпал ететінін атап өтті.
«Спортшылардың айтқан ұсыныс-тілектерін ескеріп, спорт мектебіне жаңа көлік беріліп отыр. Алдағы уақытта жарыстарға «Газель» автокөлігімен қатынайды. Жастардың спортқа деген ынтасы артып, байрақты бəсекелерде биік тұғырдан ғана көрінеді деген сенім зор», -деді Ержан Әбілқасымов.
Сонымен қатар, Шар қаласының тұрғындары Жан Шыңғыс және Абдур-рахим Мұратхан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды.
Анықтама: қалалық спорт мектебінде спорттың 5 түрінен 200-ге жуық жасөспірім жаттығады. Оқу-жаттығуды 8 жаттықтырушы өткізеді.