Абай облысыТОП

Абай облысында 40 мың жас домбырашы «Күй күмбірі» челленджіне қатысты

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т. б. күйлерін орындады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының Т.Аманов атындағы №16 мектепте 2-8 сыныптан 60-қа жуық оқушы Құрманғазының «Айжан қыз», «Ерке сылқым» күйлерін домбырада орындаса, ал Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының 1-9 сынып оқушылары «Салкүрең» күйін орындады.

Оқу-ағарту министрлігінде атап өткендей, еліміздегі челлендждің ең кішкентай қатысушылары Абай облысының балалары – Семей қаласының «Бақыт» шағын орталығының тәрбиеленушілері болды.

Домбырашылар челленджі-бұл 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз қарсаңындағы кең ауқымды республикалық акция.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button