
Бүгін “Наурызнама” онкүндігі аясында Семей қаласындағы Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығында «Қош келдің Әз Наурыз» атты мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Облыс мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шакаримов қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс – шара барысында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті, сондай-ақ, ұлттық спорт күніне орай, ұлттық ойындардан сайыстар өтті.
Сондай-ақ, қала әкімі орталықтың шебарханасын, жылыжайды аралады. Орталықтың тәрбиенушілері мен тәлімгерлері аулада ұлттық дәстүрлерді көрсетті.
Әкімдік атынан балалар арасында спортты одан әрі дамыту үшін спорттық жабдықтар мен ойыншықтарберілді.
Semeynews.kz