
«НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күніне» орай «Невзоровтар отбасы» бейнелеу өнері музейі алаңында «Облыстық мәдениет және халықтық шығармашылық орталығы» ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттау және әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін сақтап озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға үйрету болып табылады.
- Бүгінгі іс-шара бәрімізге белгілі еліміздегі биыл бекіген наурызнама тұжырымдамасы аясында өтуде. «Абай облыстық мәдениет тілдерді дамыту және архив істері басқармасының» қолдауымен және одан кейін «Невзоровтар отбасы» музейі ұйымдастыруымен , бүгінгі іс-шараны өткізіп жатырмыз. Бұл жерде тек ұлттық киім ғана емес қаламыздағы қол өнер шеберлерінің әшекей бұйымдары және өз қолдарымен жасаған басқа да бұйымдар көрсетілмек, – деді Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Ерлан Сұлтанов.
Абай облысы бойынша шығармашылық, эстетикалық және сән дамуының озық мектебі ретінде саналатын «BRILLIANT MODELS» мектебінің негізін қалаушыларымен бірлесіп, үш негізгі «Руна», «Құлыншақ», «Жанна Баймұратова» сән көрсетілімдері ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері Жазира Әзілқияшова, Әділет Серіков, Айгуль Каримова қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап өз өнерлерін көрсетті.
Semeynews.kz