Абай облысыТОП

Құмар ойынының құрығына түспейік

Бүгінгі күні елімізде ойынға тәуелділік немесе «құмар ойындар» қоғамның барлық салаларында белең алуда. Қазақстанда лудоманиямен ауыратындардың саны да артқан.

Осыған орай Қорғаныс министрлігінің шешімімен ҚР Қарулы Күштерінде ағымдағы жылдың наурыз айында «Мен лудоман емеспін» атты алдын алу науқаны өткізілуде. Аталмыш акция Kaspi.kz қосымшасын қолдану арқылы жүзеге асырылмақ.

Осы орайда «Мен лудоман емеспін» профилактикалық науқанын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысның орынбасары полковник Дархан Ажибаев  Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің басшыларына түсіндірді. Құмар ойынына тәуелділік жайындағы жиынға Әскери полиция басқармасы мен Әскери тергеу басқармасының өкілдері де қатысты.

Босқосуда әскерилер жеке қаржылық мәліметтерін қарауға келісім берген қолхатқа қол қоятындығы, содан кейін Kaspi.kz қосымшасы арқылы қаржылық операциялар тексерілетіні баяндалды Қосымша арқылы әскерилердің «Құмар ойынына» кірген кірмегені, ойнаған жағдайда оған қанша қаражат жұмсағанын көруге болады. Акция қорытындысы бойынша лудомандардың тізімі жасалып, нүктелі профилактикалық жұмыстар атқарылмақ.

Жиында қоғамда ойынқұмарлық қасіретке айналғаны, жеңіл ақша тауып, жылдам баюды ойлағандар букмекерлік кеңселердің жарнамасына, құмар ойындар және интернет желісі арқылы ұсынылатын барлық бәс тігулерге алданып жатқаны түсіндірілді. Өкінішке орай бұл тұзаққа жастар ілігуде. Оның салдарынан отбасы зардап шегіп, арты қылмысқа дейін алып келеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button