
Ант қабылдау – әр сарбаздың өміріндегі қобалжитын, бір рет болатын салтанатты оқиға. Сап алдында жас сарбаздар Отанына адал болуға ант қабылдады.

- Менің ойымша, өз Отанының патриоты «Әскер» деген өмір мектебінен өтуі керек. Өйткені, үйден алыста және қасиетті борышты өтеуде – біз егеменді Қазақстанның нағыз ерлері мен қорғаушылары боламыз, – деді мерзімді әскери қызметін өтеуші қатардағы Уласбек Ерболат.
Салтанатты шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Куанышбек Уштаев, Қарулы Күштердің ардагерлері және әскери бөлім командирлері қатысты.
Жас сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтап, әрі қарайғы әскери қызметтеріне сәттілік тіледі.
Semey News



