ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының атауы өзгере ме

Қазіргі Абай облысының орталығы – Семей қаласының кезінде Алаш орданың астанасы болғаны белгілі. Шаһардың атауы Алаш қаласы болған. Қаланың осынау тарихи атауы қайтарылуы мүмкін бе?

Агенттіктің «Әкімге сұрақ» айдары аясындағы сұхбат барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа осы сауал қойылды. Аймақ басшысы мәселені Семей қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдары қарайтынын мәлім етті.

Облыс басшысы Абай өңірінің тыныс-тіршілігі, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен басқа да мәселелерге қатысты пікір білдірді.

«Былтыр облыс бюджетінің көлемі 418,8 млрд теңге немесе 2022 жылмен салыстырғанда 63,6 пайызға (2022 жылы — 256 млрд теңге) көбейді. Облыс орталығы Семей қаласын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. 14 қоғамдық кеңістік жабдықталды, 71 аула жөнделді. 62 көшеде жарықтандыру шамдары орнатылды. 41 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, инвесторлар арқылы аспалы көпірдің астында Ертіс өзенінің екі жағалауында қоғамдық кеңістік орнатылды, Қабанбай батыр көшесінен Дулатов көшесіне дейін, Абай көшесінен Шмидт көшесіне дейін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кешенді даму жоспарында жоғары стандарттарға сәйкес келетін жаңа урбанистік тәсілді және „жасыл қала“ идеясын ескере отырып, Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу көзделген. Осы мақсатқа бюджеттен 384,4 млн теңге бөлінді. Жұмыс басталды, аяқталу мерзімі — 2024 жылдың шілде айы», — деді әкім.

Сұхбаттың толық мәтіні бүгін жарияланады.

Дерек көзі – Kazinform

Осы айдарда

Back to top button