ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Масленица мейрамы аталып өтілді

Семейліктер Ертіс өзенің жағалауында ежелгі мерекелердің бірі – Масленица мейрамын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ертіс жағалауында мерекелік концертпен қатар, тәттілер, нан-тоқаш өнімдері, қолөнер бұйымдарын сату жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қалалықтар арасында түрлі ойындар ойнатылып, мерекелік концерт қойылды.

Салтанатты шараны ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев Шаңырақ күнімен қатар келген мерекенің терең символизмін атап өтті.

  • Мерекенің Наурызнаманың онкүндігімен сәйкес келгендігі өте символдық мәнге ие. Бұл қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін, көпмәдениетті қоғамымызды тағы да көрсетеді, – деді басқарма басшысы.

«Ахау Семей» Қазақ орталығының жетекшісі Гүлжихан Жұматаева Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың үлкен мерекелерді бірге атап өтуге дағдыланғанын атап өтті.

Масленица мейрамы қыстың аяқталып, көктемнің бастау алғанын білдіретін сабаннан өрілген тұлып өртенгенге дейін жалғасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button