Абай облысында заңсыз жүрген 20 шетелдік елден шығарылды
Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағына заңсыз келген және тұратын шетелдік азаматтарды анықтау, көші-қон заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізді.
Соның барысында заң талаптарын бұзған 227 шетелдік анықталды. Оның ішінде 20 адам сот шешімі бойынша елден шығарылды.
«Шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдік азаматтардың еңбек кызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 25 облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ак құзырлы органдарға шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 130 азаматқа айыппұл салынды», – деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аймақ полицейлері заңсыз көші-қон арнасын да анықтады. Көші-қон саласындағы заңсыз әрекеттерді ұйымдастырғаны үшін 1 облыс тұрғыны ҚР ҚК 395-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Semeynews.kz