Абай облысыауылшаруашылығыТОП
Абай облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша кеңес өтті
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбековтың төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, ауылдық партия, фермерлік қоғамдастық өкілдері, дизель отыны операторлары және шаруа қожалықтары қатысты.
Күн тәртібінде бір мәселе – көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды.
Өз баяндамасында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Анзор Абаев көктемгі егіс науқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кеңесті қорытындылай келе, Шалқар Байбеков барлық жұмыстар оның жеке бақылауында екенін атап өтті.
Semeynews.kz