Биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Оған қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған.
«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», – деп мәлім етті Аида Балаева.
Semeynews.kz