ҚоғамСемейТОП
ШҚО Полиция департаментінде оқушылар арасында таралған сілтемеге түсіндірме беріп өтті
Кеше, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар балалар арасында, Бабадук есімді белгілі бір адресаттан хабарламаны бірнеше адамға жолдауға шақырғанына, хабарламаны жолдамаған жағдайда жақындары зардап шегетіні айтылуына қатты наразылық тудырды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД хабарлауынша, поштаның мән-жйы тексерілуде. «Қазіргі уақытта Семей қаласындағы оқу орындарында мектеп әкімшілігімен бірлесіп ата-ана бақылауларын күшейту жөнінде ата-аналар жиналасы жоспарланған.» Полицияда СМС, WhatsApp мессенджерлері арқылы жолданған сілтемелер немесе ол парталдардағы ақпараттар және әлеуметтік желілердегі хаттар экстремистік тұрғыда болса заңмен қудаланады және ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырады деп түсіндірді.
Полицейлер ата-аналар мен ұстаздарын мұқият болуға шақырды.
Semey News