Абай облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды
2024 жылғы 12 наурызында Абай облысының Бородулиха ауданындағы Уба өзенінде мұз кептелістерінің алдын-алу мақсатында “KazExploService” ЖШС мамандандырылған ұйымы 6500 шаршы метр аумақта 400 кг-нан астам жарылғыш заттарды пайдалана отырып, жарылыс жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қосымша жұмылдырылды.
Бұл іс-шаралар Бородулиха ауданының Речное және Красный Яр ауылдарын су басу қаупінің алдын-алу үшін әр жыл сайын жүргізіледі.
Абай облысы бойынша мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары Семей қаласының аумағындағы Ертіс өзенінде және Бесқарағай ауданында да жоспарланған.
Бұл жұмыстарды жүргізу өзендердің жағалау учаскелерінде орналасқан кептеліс құбылыстарының туындау қаупі бар елді-мекендерді су басудан қорғауға мүмкіндік береді.
Semeynews.kz