Семейде автокөлік көпірінің қоршауы құлап қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасиловтың айтуынша, қоршаулар қатты желдің шабуылына төтеп бере алмады.
“Тротуар сигнал таспаларымен қоршалған. Барлық төрт жолақтағы автомобильдердің қозғалысы штаттық режимде. Таяу уақытта қоршауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады”, – деп түсіндірді Әділбек Увасилов.
Көпірде полицейлер кезекшілік етеді.
Semeynews.kz