ҚоғамСемейТОП

Семейде ЭКО пикник өтті

Семейде QAZAQ BIO COIN ұйымдастыруымен ЭКО ПИКНИК өтті, деп хабарлайды Semey News.

Акцияға қатысушылар пластиктерді, картондарды, әйнектерді және ылғалды қоқыстардан бөлуді өз көздерімен көрді. ЭКО ПИКНИК барлық жастағы семейліктерді біріктірді. Әсіресе акцияға қаланың жастары белсенді қатысты.

  • Акцияға, бұрынғы акцияға қарағанда адам көп жиналды. Оның үстіне акцияға ұйымдасқан топтар мен ұйымдардың қызметкерлері ғана емес, балаларын ерткен жеке отбасылары да қатысты. Бұл, акция халық арасында кең тарап, біздің қаламыздың жарқын болашағына деген үмітті ұяландырады. Акцияға қатысқандар, бұрын қатысып көрмесе, енді міне қалдықтар қалай сұрыпталатынын біледі. Әрине, достарына, таныстарына, көршілеріне айтады. Бұл бүгінгі таңда өте өзекті, біз пікірлес адамдарымызбен бейресми жағдайда кездесіп, сөйлесуге, идеяларымызбен алмасуға, жаңа танысуларға мүмкіндік алдық. Мүмкін келешекте бұл жаңа қызықты эко-жобаға ұштасады, – деп түсіндірді акция қатысушыларының бірі, қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Арман Машимов.

ЭКО ПИКНИКке қатысушылар: JUSAN BANK, № 12 орта мектеп, NIS VOLUNTEERS SEMEY және Volontery Semey Lider.kz еріктілер ұйымдары, Жастардың ресурстық орталығы, AS MANSUR TEAM, FC VOSTOK SEMEY, KAZAKHSTAN SPEEDCUBING FEDERATION спорттық үйірмелері, қалалық мәслихат депутаттары және FaceBook ақпараты арқылы пикникке келген бастамашыл қалалықтар.

Жиналған қоқыстар сары, көк және жасыл контейнерлерге сұрыпталды және толтырылуларына байланысты 3 түрдегі көлікке тиелді. Қоқысты жинап, сұрыптап болғаннан кейін акцияға қатысушылар жасыл көгалда, ашық аспан астында пикник ұйымдастырды.

Сұрыпталған қоқысқа «Хазипов» ЖК есептеп, қаржылай төлем жасады. Ал акцияны ұйымдастырушылар ол қаражатты Volontery Semey Lider.kz қорын қолдауға аударды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button