Абай облысының оқушысы шешендік өнер үйірмесін ашты
Абай облысы Аягөз ауданындағы №10 қазақ-мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Әли Мұхтарұлы – V респбуликалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының жеңімпазы. Ол өзі оқитын мектепте «Аягөз-Ділмар» шешендік өнер үйірмесін ашқан, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
10-сынып оқушысы үйірмеге жетекшілік жасап, ұйымдастыру жұмысына кірісіп кетті. Қазір өз қатарластарына көркем сөйлеуді үйретіп жүр.
Әли Мұхтарұлы аптасына 2 мәрте сабақ береді. Үйірмеге аудандағы 45 баланың ішінен іріктелген 12 оқушы қатысады. Олар сабақтан тыс уақытта кітап оқып, әр түрлі шығармаларды талдайды.
Қазір үйірме мүшелері 7 наурыз күні өтетін шешен Бегеш Сабанұлының 190 жылдығына орай өтетін облыстық шешендік сайысқа дайындалып жүр.
Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары жұмыста алға жылжуға көмектесіп, өзіне деген сенімділікті және нақты ойлау қабілетін дамытады.
Semeynews.kz