Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да мониторингтік шаралар барысында 8 бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханаларда, ойын-сауық мекемелерінде шектеу шараларын сақтау бойынша күнделікті рейдтік шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

2021 жылғы 29 мамырда Семей қаласында 274 нысанға тексеру жүргізілді, олардың ішінде «жылу картасына» кіретін 268 нысан қамтылды. Маскалық режимді (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді және жұмыс режімін бұзу) бұзудың 7 фактісі анықталды. Сомасы 131 265 теңгені құрайтын үш хаттама толтырылды, 43 755 теңгені құрайтын 1 айыппұл өндірілді.

Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 73 нысанға тексеру жүргізілді. Рейд барысында 1 бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік шаралар Курчатов қаласында, Абай, Аягөз, Бесқарағай және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button