ШҚОПроисшествияТОП
Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады
Өскемен қаласындағы 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өз-өзіне оқ атты деп хабарлайды BaigeNews.kz ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 29 мамырда қызметтік міндеттерін өткеру барысында 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Айдосов Ильяс Муратович өз-өзіне бас тұсынан оқ атты, нәтижесінде қайтыс болды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, қызметтік тексеріс тағайындалды.
Жағдайдың себебі анықталуда.
Ұлттық ұланның «Шығыс» ӨҚ әскери қызметшінің туған-туыстарына, жақындарына қайғаларына ортақтасып көңіл айтады.
Semey News