Аудан тұрғындары ет және сүт өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады
Абай облысының аудандарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Мәселен, Абай ауданында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды. Іс-шара аясында көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), ет, сүт өнімдері, балық пен Бородулиха ауданының балы сатылды.
Бұдан бөлек, әр сенбі сайын Бородулиха ауылының «Еркежан» базарында да дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Аудан тұрғындары үшін жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Олардың қатарында жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, май, бал бар. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, тұрғындарға түрлі шұжық және басқа да өнімдерді ұсынады.
Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік нарықтағы бағадан төмен бағада сатылады.
Semeynews.kz