Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында 17 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың гектардан астам жер телімін өз мақсатына пайдаланбай, ұзақ уақыт үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 329 млн. теңгені құрады»,- делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, қазіргі уақытта жер телімдерін пайдалануға мұқтаж өзге де кәсіпкерлерге, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Semeynews.kz