Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.
Semeynews.kz