Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі өңір тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын!

Сауабы мен берекесі артқан бұл айдың халқымыз үшін орны ерекше! Өйткені бұл ай – жаңару мен жаңғыру, тазару кезеңі.

Адамзат баласын береке-бірлік, кісілік пен кішілікке шақыратын бұл мереке қайырымдылықтың, ізгіліктің, жүрек жылуы мен адамгершіліктің берік негізі болып келеді. Сол себепті, отыз күн Оразада адамзат баласы бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуы керек.

Елімізде сақталып отырған татулық, бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім – біздің басты байлығымыз.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, құт-береке әкелсін!

Осы айдарда

Back to top button