Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында Рамазан айына дайындық жайлы баспасөз мәслихаты өтті

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы Рамазан айынның ерекшелігі, қадір қасиеті және ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдардың келісімімен биыл рамазан айы елімізде 11 наурызда басталды. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – ораза айт мерекесі болып бекітілді.

  • Биылғы Рамазан айының ерекшелігі Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. 22 Наурыз күні мешіттердің қасында ұлттық ойындар ойнатылып, әртүрлі сайыстар болады. Жалпы осы айда мұқтаж жандарға көмектесу, қайырылымдық көрсету және тағы басқа 70-ке жуық қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ораза айы толық 30 күн. Мешіттерде оқылатын тарауық намазынан кейін қарт адамдардың үйлеріне жетуі үшін қоғамдық көлік мәселесін қарастырып жатырмыз,-деді бас имам.

10 сәуір күні таңы сағат 7-де айт намазы оқылып, айт мерекесі басталады. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының шешімімен биылғы ораза айында бір жан басына пітір садақа мөлшері 640 теңге болып бекітілді.

Баспасөз-мәслихатында бас имам марқұмдардың қырқы және жылдық асын ауызашар уақытында ұйымдастырса деп қорытындылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button