Облыс орталығының көшелерінде техникалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жеке секторда қар шығару бірінші кезекте су тасқыны қауіпі бар аймақтарда жүзеге асырылуда. Олар: Кирпичный, Казкрай,Сорства, Затон, Дальняя, Таткрай және Шығыс кенті.
Қазіргі уақытта қала көшелерін судан тазартуға 15 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары,8 бірлік жылжымалы мотопомпалар және цистерналары бар 6 бірлік авотмашиналар тартылған.
Бүгін Семейде арнайы техникамен 1500 м3 астам суды қала сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Қыс маусымы басталғалы қар полигонына 73 мың текше метр қар шығарылды.
Semeynews.kz