Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қымбатты ханымдар, ақ жаулықты аналар, қаракөз қарындастар!

Сіздерді мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Дана халқымызда «Әйел – бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен, әлемді тербейді» деген ұлағатты сөз бар. Өйткені халқымыз әрқашан әйел-ананы қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.

Еліміздің сән-салтанаты мен еселі еңбегі, ұлы жеңістері мен бағындырған белестері де нәзік жандарға тікелей байланысты. Сол себепті, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, кәсіби өрлеуі мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Өйткені, ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі.

Тал бойында Зере әжеміздің зеректігі мен Ұлжан анамыздың ұлылығы ұштасқан Абай елінің арулары – сіздерді көктемнің осынау шуақты мерекесімен құттықтай келе, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!

Жылдың әр күні сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button