Абай облысыҚоғамМерекеТОП
Көкпектіде ақ жаулықты әжелер мен алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді

Бүгін Көкпекті ауданының Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Халықаралық әйелдері күніне арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мерекелік шараға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысты.
Салтанатты жиын барысында Ділдәбек Тәжібайұлы барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдері күнімен құттықтап, ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматшаларды марапаттады.
Мерекелік шара Алтынбаев атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Semeynews.kz