ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде “Шуақты көктем, арулар көркем” атты салтанатты кеш өтті

Семейде «Шуақты көктем, арулар көркем» 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты кеш өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қаламыздың көркеюі мен дамуына үлес қосып жүрген нәзік жанды әйелдер қауымы әр салада еңбек етуде. Бірі өз кәсібін ашып, бірі ауыр өндіріс орындарында жұмыс істесе, енді бірі мемлекетке қызмет етіп жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, медицина және білім сияқты басқа да салалардың дамуына ат салысып жүрген аналар мен қыздар баршылық. Барлығы әртүрлі салада еңбек етсе де, әрқайсысының мүддесі халқына адал еңбек ету.

”Әр нәзік жандының тағдыры әртүрлі болғанымен, сіздердің барлықтарыңызға тән бір асыл қасиет бар, ол — өмірді жақсартып, әлемді әдемі етуге деген құштарлық. Бұл — тек сіздердің қолдарыңыздан ғана келеді. Сіздер бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер”, – деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қала әкімі өз құттықтау сөзінде қаламызға қалтқысыз қызмет жасап жүрген қарапайым жұмысшы әйелдер қауымының еңбегінің зор екендігін атап өтіп, бірнеше нәзік жандыға 100 000 теңге көлімінде қаржылай сертификаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Марапатталғандардың арасында ЖЭО қызметкері,әлеуметтік қызметкер, ұстаз, дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, полиция лейтенанты, радиотелефонист және сылақшы, кондуктор сынды қарапайым еңбек адамдары да бар.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында қаламыздың өнерпаздары өнер көрсетіп, аналардың құрметіне ән шырқады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар осы аптаның соңына дейін жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button