
«Семей орманы» резерватының ғылым, ақпарат, экологиялық білім және мониторинг бөлімінде қызыл мойынды шүрегей үйрек қоныс аударатын, солтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарын мекендейтін су құсы екенін айтты.
«Суға сүңгігенде үш минутқа дейін су астында болып, 150-200 метр жүзе алады. Сонымен қатар шүрегей үйрек, су түбінен қаншалықты жоғары жүзіп жүргенін түсіну үшін өз салмағын басқара алады», – деп түсіндірді орман резерватында.
Мамандардың айтуынша, бұл құстар суда сүйкімді, ал құрғақта ебедейсіз. Олардың аяқтарының артқа тартылғаны соншалықты, олар жерде әрең қозғалады. Алтын түстес сызықтар, бетінің қаралығынан, мойынының және жақтарының қызылдығынан, сондай-ақ қызыл-күрең түсті көздерінен оңай анықтауға болады. Қыстағы келбеті – үсті қара, асты ақ.
Шүрегей үйректер батпақтарда, қопалары бар ұсақ суларда, кейде өзендерде ұялайды. Тұщы ашық суларда кездестіруге болады.
Semey News