Семейде «Ғылым және білім: жастардың заманауи көзқарасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Жоғары оқу орын, колледж, мектеп оқытушылары және студенттері мен оқушылары арасында «Ғылым және білім: жастардың заманауи көзқарасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Конференцияның мақсаты – кәсіптік білім беру ұйымдарының әріптестік өзара іс-қимылын құру, студенттер мен оқушыларды ғылыми-зерттеу, жобалық және шығармашылық жұмыстарға тарту. Барлығы 50-ден астам оқу орны жиналған іс-шараға 500-ден астам ғылыми жұмыстар ұсынылды.
Конференция екі отырыста ұйымдастырылды. Пленарлық отырыста 80-нен аса баяндама оқылса, 100-ге жуық баяндама басылымға берілді. Секциялық отырыста қатысушылар 7 бағыт бойынша жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған ғылыми жұмыстардың өзектілігі, деректердің нақтылығы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы бағаланды.
Конференция қорытындысы бойынша І орын – 7, ІІ орын – 26, ІІІ орын – 27 қатысушы марапатталды.
Халықаралық конференция қатысушылары қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Семей медицина университеті, Өскемен жоғары медициналық колледжі, Alikhan Bokeihan University, сондай-ақ шетелдік оқу орындарынан И.П. Антонов атындағы Витебск мемлекеттік медицина колледжі, Борисов мемлекеттік медицина колледжі (Беларусь Республикасы), Рубцовск медицина колледжі (Ресей Федерациясы), Свердловск облыстық медициналық колледжі, В.М. Бехтерев атындағы медициналық колледжі (Санкт-Петербург қаласы), К.С. Константинова атындағы Елецк медицина колледжі (Липецк облысы), Бішкек медицина колледжі мен Қырғыз медициналық колледжі (Қырғыз Республикасы) болды.
Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары бойынша тәжірибе алмасып, ұсыныстар мен қорытындылар жасалды. Жеңімпаздар диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
Semeynews.kz