
Білім беру саласы бойынша колледж педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Байқауда еліміз бойынша колледждердегі жалпы білім беретін пәндері мен педагогикалық мамандықтарының 36 оқытушысы бақ сынады. Педагогикалық мамандықтар оқытушылары арасында Абай облысының педагогі көш бастады. Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы Гүлназ Мавлитаева І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
Қатысушы педагогтердің кәсіби білім мен дағдылары, оқу-тәрбие процесінде инновациялық тәсілдерді қолдануы, жоғары мәдениетті және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеруі бағаланды. Әр мұғалім заманауи білім беруде цифрлық технологияларды қолдану шеберлігін, педагогикалық қызметінің нәтижелерін, әдістемелік жұмыс сапасын көрсетті.
Байқау қатысушыларын Ақмола облысы білім басқармасының басшысы жеңісімен құттықтап, марапаттады.
Айта кетейік, байқау 29 ақпан-1 наурыз аралығында Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде өтті.
Semeynews.kz