
Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 100-ден астам техника мен 100 жұмысшы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды…
Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, тиегіштер бар.
Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.
Semeynews.kz