ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде «Наурыз көже фестивалі» конкурсы өтеді

Семейде «Наурыз мейрамы 2024» мерекесі қарсаңында «Наурыз көже фестивалі» конкурсын өткізу жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Наурыз мейрамы 2024» мерекесі қарсаңында «Наурыз көже фестивалі» конкурсын өткізу туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Байқаудың мақсаты – ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған халқымыздың дәстүрін, тілін, мәдениетін сақтау және оларды болашақ ұрпаққа беру.
Ұлттық тағамдардағы халықтық дәстүрлерді жаңғырту, сақтау және дамыту.

Фестиваль қатысушылары сауда, қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлер; шағын, орта, ірі кәсіпорындардың жұмыстары, қызметтері, сондай-ақ басқа да кәсіпкерлік субъектілері бола алады;

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ️ ️
– 20 литр Наурыз көже рецепті мен ас құралдары (бір рет қолданылатын пластикалық ыдыс);
– мерекелік безендіруді ұйымдастыру;
– конкурсқа қатысушының жарнамалық баннерін орнату және флайерлердің болуы;
– ұлттық костюмдерді пайдалану.

Конкурсты өткізу орны, күні және уақыты: Қарағайлы ш/а, 2024 жылғы 22 наурыз сағат 11:00-де басталады.

Конкурстың қорытындыларын шығаруды, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды қазылар алқасы 2024 жылғы 22 наурызда жүзеге асырады.

Ұйымдастырушы: «Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button