ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейлік өрт сөндіруші өртенген пәтерден әйел адамды құтқарды

Семей қаласының өрт сөндірушісі жанып жатқан пәтерден әйел адамды құтқарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, сағат 18:10-да Безымянная көшесінде көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде, 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.

Семей қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды.

Сонымен қатар, ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан құтқару қалпақтарын пайдаланып 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.

Өрттің себебі анықталуда.

Өрт сағат 18.36-да толығымен сөндірілді.

Сөндіру жұмыстарына барлығы 13 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button