03.03.2024 ж. Посмаков 47 мекенжайы бойынша Д-200 мм су құбырындағы ақауға байланысты, бүгін сағат 13:00-ден бастап сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Посмаков, Ибраев, Бөгенбай батыр, Дулатов, Найманбаев көшелерінде және Посмаков-67,96, Панфилова-80А, 80Б, 80В мекенжайлары бойынша.
Жұмыстар 03.03.24 жылғы сағат 13:00-ден бастап толық жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жүргізілетін болады. Ақауды жою жұмыстарына 6 бірлік техника 8 қызметкер жұмылдырылды.
“Семей Водоканал” МКК тұрғындардан су қорын алдын ала жинауын және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Semeynews.kz