Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында құтқару қызметінің диспетчері көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарып қалды

Абай облысында құтқару қызметінің диспетчері 2007 жылғы жасөспірімнің өз өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысының ТЖД 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button