Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған екі күндік семинар-тренинг бастау алды

Абай облысының әкімдігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-тренинг өткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараға қала мен аудан әкімдіктерінің, облыс басқармаларының басшылары қатысуда.

Оқудың негізгі мақсаты – мамандардың тиімді коммуникациялық дағдыларының деңгейін арттыру және тәжірибелік білім беру.

«Облыс әкімдігі түрлі салаларда біліктілік пен білімді арттыруға бағытталған семинар-тренингтерден тұратын жоспар әзірледі. Оларға жас және көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлер де қатысады. Заманауи мемлекеттік қызметшілер қоғамдағы өзгерістер мен қазіргі үрдістермен бірге дамуы тиіс», – деді облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

Семинар аясында жобалық басқару, жобаларды әзірлеу, мемлекеттік қызметтегі заманауи кейстер және т. б. тақырыптарды қарастыратын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button