Абай облысында “Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі” атты жастар диалог алаңы өтті
Семей қаласының «Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжінде» «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ, Абай облысының «Ассамблея жастары» РҚБ бірлестігінің ұйымдастыруымен алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту-адамгершіліктің белгісі» атты жастар диалог алаңы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Отырыста Абай облысы аудандарының азаматтары мен азаматшалары және қаламыздың белсенді студенттері бой көрсетті. Іс-шара басында Қазақ Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» жастар фекстивалінің дипломанты, «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты Нұржан Байтөс құттықтады.
- Алғыс айту бұл біздің қазақ халқының қанымен сіңген дәстүрмен қалыптасып қалған ғұрыптардың бірі. Абай облысының тұрғындары болғандықтан бірінші негізіміз Абай болуы керек. Абайдың жолын әлем халқы 147 тілге аударып отыр. Кейбір мемлекетті алып қарасаңыз, Абай атындағы даңғылдар, көшелер, саябақтардан бөлек, әлем мемлекеттерінің астаналарында Абайдың ескерткіштері тұр. Біз сол себепті әлем халықтарына өз атымыздан, облыс атынан үлкен алғысымызды білдіріуіміз қажет деп есептеймін,- деді Нұржан Байтөс.
Өткізілген шараның басты мақсаты азаматтардың бір-біріне деген ризашылығы мен құрметін дәріптеу арқылы қазақстандық патриотизмді, республикамыздың халқының бірлігін нығайту және дамыту болып табылады. Сонымен қатар,шараға арнайы Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Курчатов, Үржар аудандарының да белсенділері қатысып, баяндама жасады. Іс-шара соңында «Абай облсының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Надежда Шарова жастар диалогының қатысушылары мен спикерлерге алғысын білдіріп, алғыс хаттар мен марапаттады.
Semeynews.kz