Абай облысында «Ұрпақтан ұрпаққа» атты өнер байқауы өтті
Іс-шараның мақсаты – ұрпақ сабақтастығын насихаттау, жас ұрпаққа мәдени мұраларымызды , ұлттық қолөнерімізді дәріптеу, өскелең ұрпаққа батаның маңыздылығын түсіндіру.
«Ұрпақтан ұрпаққа» облыстық өнер байқауына Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарының командалалары қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрады: I кезең – «Бала батыр» кезеңі (байқауға қатысушы балалардың өнер көрсетуі), II кезең – «Апамның ақ ұршығы» кезеңі (байқауға қатысушы әжелер жіп иіруден сайысқа түседі), III кезең – «Ақ бата-асыл мұра» (байқауға қатысушы аталар бата беруден сайысқа түседі).
Конкурс нәтижелері:
І орын – Жарма ауданы «Алтын ұя» командасы;
ІІ орын – «Руханият» командасы;
ІІІ орын – «Атамекен» командасы.
Жеңімпаздарға және қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Semeynews.kz